USD
USD
USD

Гамбург әуежайы қаруланған адам кіріп кеткен соң, уақытша жабылды

Әуе айлағы перронына қақпа арқылы қаруланған адам кіріп кетуіне байланысты Гамбург әуежайынан ұшақтардың ұшуы және қонуы уақытша тоқтатылды. Әуежайға полицейлер жиналды, деп хабарлайды Kazinform.

Гамбург әуежайы қаруланған адам кіріп кеткен соң, уақытша жабылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Кеше, яғни 4 қарашада кешке «полиция іс-шараларына байланысты» әуе тасымалы толығымен тоқтатылды", - деп хабарлады әуе айлағының ресми арнасы Х әлеуметтік желісінде.

Басылымға федералдық полиция баспасөз хатшысы Томас Герберттің хабарлауынша, жеке автокөлігіне мінген жүргізуші қақпадан кіріп кетіп, әуежайдың перронына шыққан. Ол қаруымен екі рет әуеге оқ атып үлгерді. Баспасөз хатшысы ер адамның әйелі бұған дейін өңір полициясына жүгініп, балаларды ұрлап кетуі мүмкін деп арызданғанын айтты.

Оқиға орнына Гамбург полиция күштері жіберілді. Олар тәртіп бұзушының автокөлігіне жақын маңда тұр. Жүргізушімен байланыс орнатылды.

"Қазіргі уақытта құқық қорғаушылар «тұтқындар болуы мүмкін» деп болжап отыр", - делінген Гамбург полициясының Х әлеуметтік желісіндегі хабарламасында.

Нақтыланған деректер бойынша, көлік салонында жүргізушіден бөлек кемінде бір бала бар. Құқық қорғаушылар, ер адамның мұндай әрекетіне балаларды қамқорлыққа алу дауы себеп болуы мүмкін дейді.

Қазір оқып жатыр

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

DoubleTree by Hilton

Ресейлік сарапшылар мен дипломаттар Тоқаевтың Жолдауын талқылады

.

Ақтөбе облысында тоғыз күн ішінде «Қазхромның» екінші жұмысшысы қаза тапты

ТЖ