Галкинді шақырған: Әлия Назарбаева кітабының тұсаукесерін өткізді
Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаева кітап шығарды. "Место силы" деп аталатын туындысының тұсаукесері өтті.
Алматы, NEGE. Бұл туралы ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасына жазды. Айтуынша, аталған шара Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрында Ashyq жүйесі арқылы өткен.
Әлеуметтік желіде тараған видеоларда тұсаукесерге Ресейдің белгілі әртісі Максим Галкиннің де қатысқанын көруге болады.
"Кеше "Место силы" деп аталатын кітабымның тұсаукесері болып өтті. Жақында берген сұқбатым да осы күнге арналған. Жақындарым, әріптестерім, достарым, танымал бизнесмендер мен Қазақстаннның қоғам қайраткерлері жиналған осы жиынға арнап жазылған сұқбат болатын. Кеш қонақтары кітаптың мақсаты мен идеясы туралы, командамыздың қазіргі және жоспардағы жобалары туралы ақпаратқа қанық болып, "Сазген сазы" қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің орындауындағы шағын концертін тамашалады. Бұл ерекше сәт болды. Барлығы да осындай концертті сағынып қалыпты. Бірақ, бұл шараның басты мақсаты - публицистикалық дебютімді ұсыну ғана емес. Бағдарлама аясында қайырымдылық аукционы өтіп, Қазақстанның өңір-өңірінде ағаш отырғызу, сонымен бірге, Нұр-Сұлтан қаласында тұтас орман паркін салу үшін қаражат жиналды", - деп жазды ол.
Қазір оқып жатыр
Астаналықтар аурухана жанындағы құрылысқа қарсы петиция жариялады
Тоқаев пен Ердоған Мәңгілік достық туралы декларацияға қол қойды
Алматының Наурызбай ауданында ауаның ластануы мөлшерден бірнеше есе асып кеткен
Атырау облысының әкімдігі Индер көлін ерекше қорғалатын аумақтар тізімінен қалай шығартты