USD
USD
USD

Галина Воскобоева тенниске қайта оралды

Қазақстандық теннисші Галина Воскобоева кәсіби спортқа қайта оралды. Ол 22 шілдеде АҚШ-тың Вашингтон қаласында басталатын WTA 500 санатындағы турнирде өнер көрсетеді.

Галина Воскобоева
Фото: ҚТФ

АЛМАТЫ, NEGE. 40 жастағы спортшы жұптық сында ресейлік Камила Рахимовамен бірге кортқа шығады.

Воскобоева алдағы уақытта АҚШ ашық чемпионатына (US Open) дейін бірнеше халықаралық жарысқа қатысуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Галина Воскобоева әлемдік рейтингте 2012 жылы жекелей сында 42-орынға, жұптық сында 26-сатыға дейін көтерілген. Ол сол жылы Аустралия ашық чемпионаты мен Ролан Гаррос турнирлерінде жұптық сайыста ширек финалға шыққан болатын.

Қазақстандық теннисші WTA аясындағы соңғы ресми кездесуін 2021 жылы өткізген.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық