USD
USD
USD

Ғалымжан Кенжебек «Елімайдан» кетті

«Елімай» футбол клубы Ғалымжан Кенжебектің ұжымнан кеткенін мәлімдеді.

instagram.com/kenzhebek.11
Фото: instagram.com/kenzhebek.11

Астана, NEGE. Бұл мәлімдеме клубтың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

«Елімай» сапына 2025 жылы маусымның ортасында қосылған отандық ойыншымыз, Тараз футболының түлегі Ғалымжан Кенжебек екіжақты келісім негізінде семейлік ұжымдағы мансабын аяқтады. Осы маусымда "Елімай" сапында 11 ойын өткізіп, 6 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді. Ұлттық құрама сапында ойнап, әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде дубль авторы атанды. Қазақ футболының дамуына өзіндік үлес қоса беруін тілейміз!» – делінген хабарламада.

Telegram-дағы Qazsporttv.kz арнасының мәліметінше, футболшы Грозныйдың «Ахмат» клубына ауыспақ. Бұл команданы Станислав Черчесов жаттықтырады, ал ұжым сапында қазақстандық Максим Самородов та өнер көрсетеді.

Қазір оқып жатыр

«Әр мәселенің артында нақты адам тұр»: сарапшы сапасыз бензин туралы

Decaf.

86 млн теңгелік автошеру: «ҚазТрансГаздың» бұрынғы басшысы Санжар Боқаевтың рөлі туралы айтты

Боқаев

Қорғаныс министрі әскери қызметте қаза тапқан сарбаздардың туыстарымен кездесті

Gov

Бурабайда орманды қоршаған құрылысшылардың рұқсат құжаты жоқ болып шықты

Бурабай