USD
USD
USD

Ғалымдардың жалақысы жыл сайын 20 пайызға артады

Ғалымдардың жалақысы жыл сайын 20 пайызға артады, деп хабарлады Үкімет басшысы Әлихан Смайылов.

Ғалымдардың жалақысы жыл сайын 20 пайызға артады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 2020 жылы ғылымды қаржыландыруға 89 миллиард теңге бөлінсе, биыл оның көлемі 160 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылды. 2025 жылға қарай қаржыландыру көлемін 240 миллиард теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр.

«Ғалымдардың жалақысы былтыр екі есе өсті. Биыл 20 пайызға көбейді, алдағы жылдары – тағы 20 пайызға артады. Гранттар конкурсының қорытындысына қарамастан, базалық қаржыландыру аясында 700 ғалым жалақымен қамтамасыз етілді. Іргелі ғылымға қаражат гранттар конкурстан тыс бөлінеді. Ұлттық ғылыми кеңестер шешімдерінің объективтілігі арта түсті, апелляциялық комиссия құрылды.

 Қазақстанның ғалымдары жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарына тағылымдамадан өтуге жіберіледі. Жас ғалымдарға 1000 грантқа дейін бөлінеді. 2020 жылы 40 жасқа дейінгі жас ғалымдардың үлесі 38 пайыз болса, бүгінде бұл көрсеткіш 46 пайызға жетті. Жобаларды коммерцияландыру үлесі 27 пайызға артты. Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының мәртебесі жоғарылады. 2029 жылға дейін ғалымдардың санын 1,5 есе арттыру жоспарланып отыр», - деді Әлихан Смайылов.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе