USD
USD
USD

Ғалымдар тіршілікке қолайлы ғаламшарды тапты

Британдық ғалымдар «ақ ергежейлі» орбитасынан тіршілікке қолайлы ғаламшарды анықтады, деп хабарлайды BBC.

Ғалымдар тіршілікке қолайлы ғаламшарды тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Британияның астрономиялық қоғамының бюллетенінде жарияланған зерттеу нәтижесіне сай, ғаламшар «ақ ергежейлі» жұлдыздың орбитасынан табылған. Егер ғалымдардың нәтижелері нақтыланса, бұл осындай жұлдыз орбитасындағы тіршілікке қолайлы бірінші ғаламшар болмақ.

«Біз «ақ ержегейлі» айналасында мұндай құбылысты бірінші рет бақылып отырмыз», - деді зерттеу жетекшісі, Лондон университеттік колледжінің профессоры Джей Фарихи.

Сол себепті оның орбитасын айналатын ғаламшарда тіршілік болуы мүмкін.

«Енді астрономдар басқа «ақ ергежейлілер» айналасында жаңа ғаламшарларды іздеуі керек. Аспанда бірнәрсе анықталып жатса, ол жалғыз емес дегенді білдіреді. Бұл астрономиядағы қалыпты жағдай», - дейді Фарихи.

Қазір оқып жатыр

Ресей елшілігінің наразылығынан кейін Тараздағы қираған стела қалпына келтірілді

Таразда қалпына келтірілген стела

Тоқаев Үкіметке агросақтандыру жүйесін жетілдіруді тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Олжас Құспеков: Университеттер өндіріс сұранысына бейімделуі керек

Олжас Құспеков

Атырауда оқушылар көшеден тауып алған ақша толы әмиянды полицияға тапсырып, көпшілікті сүйсінтті

Полицей мен балалар