USD
USD
USD

Ғалымдар отандық QazCovid-in вакцинасын әзірлеу технологиясы туралы айтып берді

Отандық QazCovid-in вакцинасын әзірлеу барысында жылдар бойы жақсы нәтиже беріп келген технология қолданылды.

Ғалымдар отандық QazCovid-in вакцинасын әзірлеу технологиясы туралы айтып берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Вакцинаның барлық құрамдас бөлігі басқа да вакциналарды әзірлеу кезінде пайдаланылып келеді, сондықтан сенімді компоненттерден тұрады, деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі. Инактивті вакцинаның платформасы қауіпсіз болып табылады. Халықтың көпшілігі вакцинаның құрамындағы компоненттерді басқа да вакциналар арқылы бұған дейін де қабылдаған. QazCovid-in препаратын әзірлеу барысында пайдаланылған жалғыз жаңа компонент – белсенді емес вирус. «Инактивті вакцинаны дайындау технологиясы қарапайым. Ол басқа вакциналарға қарағанда қауіпсіз әрі тиімді әсер етеді. Вакцинаны егу нәтижесінде мықты иммунитет қалыптасады. Мысалы, ауырып, кейін сауыққан адамда пайда болатын иммунитетпен салыстыруға болады. Инактивті вакцинаны дайындау үшін пайдаланылған компоненттердің басым бөлігі ондаған жылдар бойы қолданыста әрі олардың зияны болмаған. Сондықтан біз QazCovid-in әзірлеу үшін вакцинаның инактивті түрін таңдадық» , – деді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне қарасты Биологиялық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғалымы, вирусолог, доктор, профессор Леспек Кұтымбетов.

Бұған дейін вакцинаны әзірлеген ғалымдар, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі Ерлан Карин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев және Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Талғат Нұрғожин клиникалық зерттеулерден тыс, ерікті түрде отандық вакцинаны салдырған болатын. 

Қазір оқып жатыр

Қазақстандық дәрігерлер ЖИ көмегімен инсульт пен өкпе обырын анықтап жатыр

Сот-медициналық сарапшы

«Самұрық-Қазына» ісі «Қазатомөнеркәсіпке» жетті: ҰҚК ұлттық компанияның топ-менеджерін ұстады

Қуаныш Омарбеков

«Қазгидромет» Ташкент ауасының ластануына Қазақстанның қатысы бар деген айыптауды теріске шығарды

Ташкент

«Халықтық құрылыс» бағдарламасы қаржысын журналистер, депутаттар мен күштік құрылым өкілдері бақылайды

Құрылыс