USD
USD
USD

Ғалымдар Криштиану Роналдудың үздік екенін математикалық жолмен түсіндірді

Оксфорд математигі Том Кроуфорд тарихтағы ең үздік футболшыны есептеу формуласын жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Ғалымдар Криштиану Роналдудың үздік екенін математикалық жолмен түсіндірді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Daily Mail мәліметінше, ғалым ұлттық және халықаралық жүлделерді, клубтар мен құрамалар есебіне соғылған голдарды, әлемдегі ең жақсы ойыншы номинациясында дауыс бергендердің жалпы санының пайызын, сондай-ақ жеке жазбаларды ескере отырып, кем дегенде екі рет "Алтын доп" жүлдесін жеңіп алған ойыншыларды қарап шыққан.

Кроуфорд зерттеулері бойынша үздік футболшы - "Манчестер Юнайтед" шабуылшысы Криштиану Роналду. Ол 537 ұпай жинаған.

Математик рейтингінде 503 ұпай жинаған ПСЖ шабуылшысы Лионель Месси екінші орынды иеленген. Пеле 459 ұпаймен үшінші орында.

Роналду - "Алтын доптың" бес дүркін және Чемпиондар лигасының бес дүркін жеңімпазы. Сондай-ақ, португалдық ұлттық құрама сапында әлемдік рекордты жаңартқан.

Қазір оқып жатыр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

.

«Ареке, дос болайық»: Журналист Арай Есенбектің ісі бойынша тың мәлімет шықты

Арай Есенбек

Айдын Рахымбаев математика пәнінің мұғаліміне BI-дың акциясын сыйлады

.

«Әділет» партиясының қатарына онлайн түрде қосылуға болады

әділет партия