USD
USD
USD

Ғалымдар коронавирусты бір секундта жойып жіберетін әдісті тапты

Техаста A&M университетіндегі зерттеу тобы SARS-CoV-2 коронавирусын бір секундта жоятын әдісті тапты.

Ғалымдар коронавирусты бір секундта жойып жіберетін әдісті тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ғалымдар тұжырымы Phys.org сайтындағы баспасөз хабарламасында жарияланған, деп жазды басылым. Олардың айтуынша, арнайы құрылғыдағы жоғары температура вирусты бір сәтте өлтіруге қабілетті.

Коронавирусқа қарсы жылуды қолдану тиімділігі бұрын да көрсетілген. Бірақ алдыңғы зерттеулерде температура әсері бір минуттан 20 минутқа дейін созылған. Бұл оны қолдану іс жүзінде тиімсіз екенін көрсеткен.

Мамандар тот баспайтын болаттан жасалған түтігі бар жаңа тәжірибе қондырғысын жасаған. 72 градусқа дейін қыздырған кезде, ерітінді құрамындағы коронавирус титрі бір секундқа жетпестен жүз мың есе азайған. Бұл коронавирусты толығымен жою үшін жеткілікті.

Зерттеушілердің айтуынша, бұл әдісті ауа айналымы, желдету және жылыту жүйелерінде қолдануға болады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер