USD
USD
USD

Ғалымдар коронавирустан қорғайтын ерекше әдісті атады

Йель университетінің ғалымдары COVID-19-дан қорғайтын ерекше әдісті атады, - деп хабарлайды Daily Mail сайты.

Ғалымдар коронавирустан қорғайтын ерекше әдісті атады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мамандардың айтуынша, тұмаурату кезінде науқастың денесінде иммундық реакция болады, ал ол коронавирус инфекциясынан қорғайды.

Ғалымдар зертханада тыныс алу тіндерін өсіріп, оған риновирусты жұқтырған. Ол – тұмауды тудыратын вирус. Кейін оған коронавирусты жұқтырған. Мамандардың айтуынша, бірінші вируспен әрекеттескеннен кейін иммундық жүйе іске қосылып, COVID-19-дың таралуын тоқтатқан. Ғалымдар зерттеу нәтижесі инфекцияны емдеудің тиімді әдістерін жасауға көмектеседі деп үміттенеді.

Сонымен қатар, мамандар бұл әдісті науқас коронавирус жұқтырған сәтте мүмкіндігінше тез қолдану керек екенін айтты.

«Бәрі уақытқа байланысты. Вирустар арасында өзара әрекеттесу болады, ол бізге түсініксіз. Нәтижесі жұмбақтың жауабы. Оны шешеміз», –  деді Йель медицина мектебінің доценті Эллен Фоксман.

Қазір оқып жатыр

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды

Өрт сөндірушілер

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді

Қанат Бозымбаев

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

.

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

.