Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ғалымдар қартаюды жеделдететін сусынды атады

Америкалық иетологтар бұл сусын аурудың пайда болу қатерін арттырып қоймай, өмірді қысқартатынын да анықтады.

Ғалымдар қартаюды жеделдететін сусынды атады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Сан-Францискодағы калифорниялық университеттің ғалымдары зерттеу жүргізіп, тәтті газдалған сусындар мен клеткалық деңгейде ерте қартаюдың арасындағы байланысты анықтады. Бұл туралы АҚШ қоғамдық денсаулық қауымдастығының журналында жазылған.

Сарапшылар 20-65 жас аралығындағы 5309 адамның хал-жағдайы туралы мәліметтерге талдау жасаған. Бұл деректер 1999-2002 жылдары Ұлттық денсаулық және тамақтану зерттеуі аясында алынды. Газдалған сусынды жиі ішетін адамдарда созылмалы аурулар мен өмір ұзақтығының қысқаруымен байланысты ДНҚ учаскесі – теломерлері қысқа болып шықты.

Ал жаңа сығылған шырынды тұрақты түрде ішетіндердің теломерлері, керісінше, ұзын болған. Зерттеу авторларының бірі, психиатрия профессоры Элисса Эпель түсіндіргендей, тәтті газдалған сусын аурудың пайда болу қатерін арттырып қана қоймай, өмір сүру ұзақтығын қысқартады. Ол бұл байланыс алғаш рет анықталғанын атап өтті.

«Бұл ереже адамның жасына, нәсіліне, табысы мен білім деңгейіне қарамайды. Теломерлер ауру пайда болардан бұрын қысқара бастайды», – деді маман. Зерттеуге тек ересектер қатысқанына қарамастан, оның нәтижелері балаларға да қатысты.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте шілде айында 111 жыл бұрынғы рекорд тіркелді

аптап ыстық

Pierre Cardin, Federico Barrazzo моделі Ұлттық ұланда әскери борышын өтеп жүр

Шыңғыс Таңатпаев

Алматыда мемлекетке қайтарылған қаражат 10,5 мың тұрғынды сумен қамтуға жұмсалды

Мемлекетке қайтарылған қаржы

Қазыбек Қалмағамбетов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

Қазыбек Қалмағамбетов