USD
USD
USD

Ғалымдар ауызсуды тазалаудың жаңа технологиясын ойлап тапты

Қазақстандық ғалымдар ауызсуды тазалаудың жаңа технологиясын ойлап тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ғалымдар ауызсуды тазалаудың жаңа технологиясын ойлап тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Анығырақ айтсақ, Сәтбаев университетінің оқытушылары баяу сүзгі жобасын ұсынып отыр. Мұнда суды тазалауға цеолит пайдаланылады. Өнертапқыштар алдымен оны 600-700 градус жоғары температурада өңдеп, модификациядан өткізеді. Содан кейін сүзгі ретінде қолданады. Ғалымдардың айтуынша, бұл – құрылғы елді мекендердегі ауызсу сапасын жақсарту үшін таптырмас дүние. Жоба жүзеге асатын болса, 10 мыңнан 50 мыңға дейін халқы бар ауылдарды таза сумен қамтамасыз ете алады. Қазір олар өзен суын әкеліп, оны осы баяу сүзгі арқылы тазалап, сынақтан өткізіп жатыр. Сүзгі суды ауыр металдардан тазартып, жұмсарта түседі. Ал бізде циолит қоры жеткілікті. Кен орны Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы Шанханай елді мекенінің маңында орналасқан.     

Техника ғылымдарының кандидатыХалхабай Бостандықтың айтуынша, кез келген ауылдың бас жағында суды тазалау станциясы болады. "Сол станцияларда біз осы баяу сүзгіні ұсынайын деп отырмыз. Біз осы цеолитті қолдану арқылы судың ішіндегі минералды және органикалық заттарды ұстап қалады. Баяу сүзгіні қолданған кезде жоғарғы жағында биопленка пайда болады, ол қосымша судың сапасын жақсартуға көмектеседі", – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс