USD
USD
USD

Ғалымдар Трамптың парацетамол туралы мәлімдемесін негізсіз деп санайды

АҚШ президентінің «жүктілік кезінде әйелдердің парацетамол дәрісін қабылдауы нәрестені аутизмге шалдықтыруы мүмкін» дау тудырды.

АҚШ
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ақүйдің бұл мәлімдемесі Ұлыбританиядағы қоғамдық ұйымдар мен аналар қауымдастығының алаңдаушылығын туғызды.

Қоғамдық ұйымдардың айтуынша, қазіргі таңда мұндай байланысты растайтын сенімді ғылыми дәлелдер жоқ. Аутизм спектрі бұзылыстары әлем бойынша шамамен 62 миллион адамда кездеседі, алайда оның нақты пайда болу себептері анықталмаған. Болжам бойынша, көптеген фактормен байланысты болуы мүмкін.

Соңғы жылдардағы, соның ішінде ауқымды зерттеулер парацетамолды (ацетаминофенді) жүктілік кезінде қабылдау мен аутизмнің арасында тікелей байланыс бар екенін растаған жоқ. ДДСҰ жүкті әйелдерге дәрігердің ұсынымдарын қатаң сақтауды және кез келген дәріні тек маманмен кеңескеннен кейін қабылдауды ұсынады.

«Балаларға вакцина салу аутизмге себеп болмайтынын дәлелдейтін көлемді, даусыз деректер де бар. Бұл жөнінде көптеген елде жүргізілген ірі әрі сапалы зерттеулердің нәтижесінде нақты қорытынды жасалды. 1999 жылдан бері ДДСҰ-ға кеңес беретін тәуелсіз сарапшылар бірнеше рет вакциналардың, соның ішінде тиомерсал немесе алюминий қосылғандарының да, аутизм немесе басқа даму ауытқуларын тудырмайтынын растады», – делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Шахмұрат Мүтәліптің компаниясы Ауғанстанда теміржол салды

теміржол

Қазақстан бокс федерациясы Азиададағы Сабырхан мен Богданованың нәтижесіне наразылық білдірді

Махмұд Сабырхан, Наталья Богданова

Қазаннан бастап Алматыда айып тұрағындағы әр күн үшін көлік иелерінен 21 мың теңге алынады

Айып тұрағындағы көліктер

Ақмола облысында сәбиін абайсызда қазаға ұшыратқан әйелге үкім шықты

баланың аяғы