Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ғалым: Мұздықтардың еруі ежелгі вирустардың таралуына әкеледі

Климаттың жылынуына байланысты мұздықтардың еруі ежелгі экожүйелер бөлшектерінің жер бетіне шығуына, соның ішінде вирустардың қайта таралуына әкелуі мүмкін.

Ғалым: Мұздықтардың еруі ежелгі вирустардың таралуына әкеледі
Фото: NEGE.kz

Aлматы, NEGE. Бұл туралы Тынық мұхиты география институтының Черский елді мекеніндегі солтүстік-шығыс ғылыми-тәжірибелік станциясының аға ғылыми қызметкері Сергей Давыдов мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.

"Ресей территориясының 10%-тен астамы – мәңгі тоң. Бұл миллиондаған жыл бұрын қатып қалған шөгінділер. Ірі жануарлар әлемінен құралған мамонттар экожүйесіндегі мамонт пен қошқарөгіз және жүнді мүйізтұмсықтардың өздеріне тән аурулары болды. Оның бәрі де кезінде қатып қалды, ал қазір еріп жатыр", - деді ғалым.

Давыдов зерттеушілердің жаңа вирустар тауып жатқанымен, олардың "адамдарға әсер ете қоймайтынын" айтады.

Бірақ ол бір кездері өлімнің жоғары көрсеткішіне алып келген қара шешек ауруынан Сібірдің солтүстік-шығысындағы юкагирлердің саны күрт азайғанын еске салды.

"Тоңның арасында қара шешектің сақталуы мүмкін екендігін жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан да бұрын болған эпидемиялар зерттеуді қажет етеді", - дейді ғалым.
 

Қазір оқып жатыр

Қазақстан мен Ресейдің келесі медиафорумы Астанада өтеді

.

Мемлекет басшысы Ұлттық архив ұжымы мен ардагерлерін 20 жылдық мерейтоймен құттықтады

Ұлттық архив

«Әкім келер алдындағы көзбояушылық»: Ақмола облысында жолшылар асфальтты бояғаны рас па?

Красный яр

Қазақстандық жүзушілер АҚШ-тағы халықаралық турнирде 13 алтын медаль жеңіп алды

жүзгіш