Трейдингті НЕГЕ түсіне алмай жүрміз?

Біреудің қол астында жұмыс істемей-ақ, акциялар арқылы байыған жастардың саны күн санап артпаса, кеміп жатқан жоқ. Солардың бірі - үш ай сайын шетел аралап, анасына үй сыйлаған трейдер Ғали Шамбай. Ол басқа жандарға да жетістікке жетуге көмектесіп жүр. Алдына үлкен мақсат қойып, оған жете білген 25 жастағы жігітпен тілшіміз тілдесіп көрді
– Ғали, «трейдинг» саласы Қазақстанда енді ғана дамып келе жатыр. Мұның не екенін екінің бірі түсіне бермейді. Осыған тоқтала кетсеңіз.
– Иә, дұрыс айтасыз. Бұл сала шетелде 200 жыл бұрын пайда болса, елімізге енді келіп жатыр. Әсіресе, үлкен кісілер бұл сөздің мән-мағынасын түсіне бермейді. Трейдинг дегеніміз биржа. Ал, биржа дәстүрлі және дәстүрлі емес деп екіге бөлінеді. Яғни, тура қарапайым бизнес сияқты: онлайн мен оффлайн. Биржаның қазір үш негізгі бағыты бар. Олар: американ қор биржасы, форекс және криптовалюта. Американ қор биржасы мен форекс заңды, ал криптовалютаны әлем енді ғана заңдастырып жатыр. Егер, сол екі заңды биржаны базар ретінде қарастыратын болсақ, американ қор биржасының сауда инструменттері: акциялар, облигациялар, опциондар. Ал форекс биржасының тауарлары: мұнай, алтын, күміс. Кез-келген базарда сауда жүреді. Тура сол секілді осы екі биржа арасындағы сауда – «трейдинг» деп аталады.
– Сонда трейдинг үнемі ақша әкеліп тұратын бизнестің түрі ғой иә? Кемшіліктері жоқ па?
– Кемшіліктері әрине бар. Кез келген табысты жоба мен бизнестің басы сияқты 90 пайыз адам трейдингте де минусқа кетеді. Бұл – шындық. Оны қабылдай білу керек. Мысалы, барлық адам мықты дәрігер, хирург, ғалым болып кетіп жатқан жоққой. Тура сол секілді, барлығы «акциялармен айналысамын» деп мықты трейдер болып кете алмайды. Одан бөлек, осы салаға халқымыз жеңіл ақша ретінде қарайды. Бұл – өте қате пікір. Трейдинг - ол мамандық. Тек, бір артықшылығы активті және пассивті кіріс ретінде қарастыруға болады. Бастағанда, кемшіліктер болмас үшін, осы салаға қандай жүйелі біліммен, қандай психологиямен, қандай сауданың түрімен келетінің маңызды. Егер, трейдерде дұрыс стратегия болатын болса, трейдинг үнемі ақша әкеліп тұрады.

– Бұл салада қанша ақшамен, қанша уақыттың ішінде табыс табуға болады?
– Ақшаға келгенде шектеу жоқ. 50 доллармен де, 100 доллармен де бастап кете беруге болды. Сіз қанша ақша тапқыңыз келеді? Аз ақшаны айналымға салсаңыз, әрине аз ақша табасыз. Өз қалауыңызға байланысты, айналымға, 1000 доллар мен 10 мың долларға дейін сала бере аласыз. Уақытқа келсек, 3 күн мен 1 аптаның ішінде индекстермен сауда арқылы ақша табасыз. Сол ақшаны әрі қарай айналымға сала берсеңіз де, қажет болса шығарып алсаңыз да болады.
– Жақсы. Ал өзіңіз трейдингке қалай келдіңіз? Осы салада жеткен жетістіктеріңіз туралы айта кетсеңіз...
– Өз басым, әкемнен 13 жасымда айрылған сәттен бастап, анам мен туған інімді асырау жауапкершілігін өз мойныма алдым. Жастайымнан білімге құштар болып өскенімнен болу керек, бірінші IT колледжін сәтті аяқтап, Мәскеудегі МГУ университетіне оқуға түстім. Сол жерде оқып жүргенімде, қасымдағы курстас досым трейдингпен айналысып, күніне 50-100 доллар тауып жүр екен. Бірден, «мағанда үйретші» деп олар мені алғаш рет қор биржасымен таныстырды. Кейін, досым маған тәлімгерінің нөмірін беріп, қалтамдағы соңғы ақша - 500 долларымды курсқа төледім. Үлкен табысқа жеткім келгені соншалық, өзіме қатаң тәртіп қойдым. Трейдингті жан-жақты меңгеріп, тапқан ақшамды айналымға сала беріппін. Міні, осылайша трейдингке 2019 жылдың соңында келіп, 2021 жылы бірінші автокөлігімді сатып алдым. Ал екі ай бұрын, анама 250 мың долларға бизнес класстан үй сыйладым. Қазір, Шүкір индекстерді алып-сатудың арқасында үш ай сайын шетелге шығып тұрамын, және екі көліктің иесімін. Бірақ, трейдингтің маған бергені байлық емес, психология десем артық болмайтын шығар. Трейдинг маған өмірлік ұстаным мен өмірлік стильді сыйлады.

– 5 жыл бойы біреуге жұмыс істесең, бұндай деңгейге жету мүмкін емес. Тәуекелге бел буып, «трейдингті» бастап кеткен, дұрыс сияқты ма?
– Білмеймін, адамдар НЕГЕ қорқатынын. Біз адамдар барлығын қиындата бергенді жақсы көреміз. Алғың келе ме, барда ал. Ол қалай? Мысалы, маған бір сұлу қыз ұнап қалды делік. Егер, мен ол қызға барып, мәдениетті түрде сөйлесетін болсам, ол қыз маған телефон нөмірін береді дұрыс па? Тура сол секілді, трейдингке де, бірінші білім алып, дұрыс бағыт-бағдармен баратын болсаң, трейдингтің де саған берері бар.
– Қателеспесем, қазір өзіңіздің академияңыз бар. Сонда студенттерге трейдинг арқылы ақша табуды үйретесіз бе?
– Иә, үйретемін. Менің академияны ашу мақсатым білім беру арқылы пайдаға кенелу емес. Ақшаға мұқтаж емеспін. Көп адамдар, ақшаны осылай табады екен деп түсінбей жатады. Негізгі себебі – мен форекс биржасында брокер болғым келетінінде. Брокер болу үшін командамда 10 мыңға жуық адам болуы шарт. Осы күнге дейін қор биржасын 1000-ға жуық, форекс биржасын 500-дей студентке үйреттім. Барлығының нәтижесі жақсы. Мысалы, бір студентім күніне 100 доллар, енді бір студентім 1000 доллар табады. Яғни, 50/50. Адамдар маған келу арқылы ақшаға кенелсе, мен арманыма бір қадам жақындаймын. Оларға да, маған да ұтымды.
– Өзіңіздің сүйікті ісіңізбен айналысып, жақсы жетістікке жеттіңіз. Трейдингтен бөлек, болашаққа қандай жоспарларыңыз бар?
– Ірі инвестор болғым келеді. Мақсатым 35 жасқа дейін 20 миллион доллар байлығы бар бизнесмендер тізіміне іліну. Әрбір қазақ бауырыма адал ақшаға жақсы өмір сүру бұйырса екен деген тілегім бар.
– Сұхбат бергеніңіз үшін рахмет!