USD
USD
USD

Ғаламдық мәселе: Пластика қалдықтары зиянды химиялық заттарды бөліп жатыр

Қоқыс қалдықтарын қайта өңдеу ғаламдық мәселенің біріне айналған. Әсіресе, пластмасса қалдықтары экологияға кері әсерін тигізіп, табиғи апаттарға себепші болып отыр. 

Ғаламдық мәселе: Пластика қалдықтары зиянды химиялық заттарды бөліп жатыр
Фото: NEGE.kz

Пластмасса мен басқа да синтетикалық материалдар пайда болған өткен жүзжылдық экологияға үлкен зиян тигізді. Өндіріс иелері қалталарының қалыңдығын ғана ойлап, қоршаған ортаға келетін зардапты екінші орынға ысырып қойған. Тұтынушылар көп тауар сатып алып, ескісін қоқысқа тастайды. Ал ол қоқыс жан-жағын ластап сол жерде бірнеше жыл бойы жатып қалады.

Пластмассаларды жерге тастағанда ұсақ бөлшектерге ыдырайды да, өзінен қоршаған ортаға зиянды химиялық заттарды бөле бастайды. Жер асты сулары арқылы пластиктің ұсақ түйіршіктері және оның химиялық заттары ең жақын су көздеріне түседі, бұл жануарлардың жаппай қырылуына әкеледі.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бұл мәселені шешудің оңтайлы жолдары жетерлік. Мәселен, Швейцарияда әрбір азамат қоқысты сұрыптап төгуге міндетті. Пластмассаны пластмассаға, қағазды қағазға, темірді темірге тастайды. Әрқайсысына арналған жеке қоқыс жәшіктері орнатылған. Соның арқасында қоқыс қалдықтарының 90%-ы қайта өңделеді.

Бір реттік ыдыс, қалталар, қаптамалар, бөтелкелер және түрлі пішіндегі қалыптар —  күнделікті «өндіретін» пластикалық қалдықтардың ең көп тараған түріне жатады. Қазақстанда қалыптасқан көлемнің тек 28,7 пайызы ғана қайта өңделеді екен.

Елімізде қазір осы мәселені «Jasyl Arystan» ЖҚ өткір көтеріп жүр. Экологтар ел үкіметіне және Экология министрлігіне Қазақстанда тұрмыстық пластика қалдықтарын қайта өңдеу туралы алғашқы заңды әзірлеу және қабылдау туралы қаулы жіберді. Олар зиянды пластиктерді ұқсас материалдармен алмастырып, қалдықтарды бөлек жинау жүйесін заңнамалық деңгейде реттеу керек деп есептейді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Мұнай

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

.

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

Дамир Ташкараев

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?

.