Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Гай Ричидің үйіне ұры түсті

Ұлыбританиялық кинорежиссер Гай Ричидің үйіне ұры түсті.

Гай Ричидің үйіне ұры түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ұрылар 13 миллион долларға (шамамен 5 миллиард теңге) бағаланған үйдің барлық бөлмесін тінтіп, ештеңе таба алмаған. Оларды тұрғын байқап, полиция шақырған.

Алайда күдіктілер оқиға орнынан ізін суытып үлгерген.

Танымал ұлыбританиялық кинорежиссердің үйі Лондон орталығындағы Фицровий ауданында орналасқан.

52 жастағы Гай Ричи мен 39 жастағы әйелі Джеки Эйнсли 8 бөлмелі үйде жиі болмайды екен. Сондықтан олардың ұрлық кезінде үйде болған-болмағаны белгісіз.

Лондон орталығындағы үй 2008 жылы Гай Ричиге америкалық әнші Мадоннамен ажырасу кезінде берілген.

«Біз бұл аудандағы үйлерді тонайтын ұйымдасқан қылмыстық топ бар деп санаймыз. Бұл – қымбат аудан. Біз нысанада болатынымызды білдік. Біз қауіпті сезінбеуіміз керек. Сондықтан полиция ұрыларды табады деген ойдамын», – дейді Гай Ричи.

Қазіргі таңда Ұлыбритания астанасының полициясы тергеуді бастаған. Олар
бейнебақылау камераларындағы видеоларды қарап жатыр. Әзірше ұрылар ұсталған жоқ.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық