Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Ғабидулла Оспанқұлов қызметінен босатылды

Ғабидулла Оспанқұлов ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ғабидулла Оспанқұлов қызметінен босатылды
Фото: NEGE.kz

Тақырыпқа орай: Абаевтың орынбасары «құмар ойынға» жақын ба? 

Алматы, NEGE. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Ғабидулла Абдуллаұлы Оспанқұлов берген өтінішіне сәйкес ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымынан босатылды.

Ғабидулла Оспанқұлов 1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң университетін, Қазақстан-Ресей университетін, «Болашақ» бағдарламасы бойынша Бирмингем университетін (Ұлыбритания) тәмамдаған.

Түрлі жылдары ҚР Парламентінде, Президент Әкімшілігінде, Екібастұз қаласының әкімдігінде, ҚР Білім және ғылым министрлігінде жұмыс істеген. 2013 жылдан 2017 жыл аралығында Жастар ісі комитетін басқарды, ҚР БҒМ Жастар саясаты департаментінің директоры болды, ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде жұмыс істеді.

2017 жылдың қазан айынан 2019 жылдың тамыз айы аралығында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметінде болды.

2019 жылдың тамыз айынан желтоқсан айы аралығында — Nur Otan партиясының хатшысы.

2019 жылғы желтоқсаннан бастап қазіргі таңға дейін ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарды.

Қазір оқып жатыр

Ұлттық сараптама орталығы бірдей қызметке әртүрлі баға ұсынған

заңбұзушылық

Қазақстанға Иран жақтан аптап ыстықтың кезекті толқыны келе жатыр

ауа райы болжамы

Қостанайда қызылша жұқтырғандар саны 17 есеге жуық өсті

Қыщылша

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі қашан және қайда жарияланады?

Мемлекеттік білім гранты