Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Гаагадағы халықаралық сот Путинді тұтқындауға ордер берді

Гаагадағы халықаралық сот Путинді Украинада жасалған әскери қылмыстарға байланысты тұтқынға алуға ордер берді.

Гаагадағы халықаралық сот Путинді тұтқындауға ордер берді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ресей Владимир Путиннің бұйрығымен 24 ақпанда басталған Украинаға әскери шабуылын жалғастыруда. Бүгін Ресейдің Украинаға толыққанды әскери басып кіргеніне 387-ші күн, деп жазады  inbusiness.kz dw басылымына сілтеме жасап.

БҰҰ мәліметінше, қазірдің өзінде 16 миллионнан астам украин азаматы үйлерін тастап кеткен.

Халықаралық қылмыстық сот Ресей президенті Владимир Путинді Украинада жасалған әскери қылмыстар, халықты (балаларды) заңсыз депортациялау және Украинаның оккупацияланған аумақтарынан Ресей аумағына заңсыз көшіру үшін қылмыстық жауапты деп айыптап, қамауға алуға ордер берді.

Путинге айып тағылып отырған қылмыстар Украинаның оккупацияланған территориясында кем дегенде 2022 жылдың 24 ақпанынан бері жасалған, деп жазады сот.

Сондай-ақ, сот ресейлік балалар омбудсмені Мария Львова-Белованы да қамауға алуға ордер берді.

Қазір оқып жатыр

Қорытынды сауалнама: қазақстандықтардың 73,1%-ы сайлауда дауыс беруге дайын

Сайлау туралы заң

Астанада бес жасар баланы ойын алаңында тоқ соқты

Бала

ІІМ жүргізушілерге келіп жатқан айыппұлдардың қате екенін растады

 Айыппұлдар

«Сауығуын тілеп, дұға жасап отырмыз»: Бақытжан Базарбек жол апатына қатысты пікір білдірді

жол апаты