7 Маусым 10:42
...

G7 елдері бизнес алпауыттарына салық салу туралы келісім жасасты

Фото:

«Үлкен жетілік» (G7) елдері көпұлтты корпорацияларға салық салу жөніндегі тарихи келісімге қол жеткізді.

Алматы, NEGE. Лондонда өткен кездесуде экономикалық дамыған елдердің қаржы министрлері халықаралық корпорациялар тіркелген елдерінде емес, табыс табатын елдерінде салық төлеуі тиіс екендігімен келісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап. Министрлер сондай-ақ минималды корпоративтік салық 15%-ті болады деп келісті. Бұл жекелеген елдердің салық мөлшерлемесін азайту арқылы оларды өзіне келтіруге әрекеттенбеуі үшін керек. Жаңа ережелерге бағынуы тиіс корпорациялар арасында Amazon және Google тәрізді алпауыттар бар. Бұл мәселенің ауқымды екенін көрсететін мысал ретінде осы аптада Microsoft компаниясының Ирландиядағы филиалы былтыр 315 млрд АҚШ доллары көлеміндегі табысы болаты Ирландияға бірде бір еуро салық төлемегені туралы ақпаратты келтіруге болады. Бұған компанияның ресми түрде Бермудта тіркелгені себеп болған.

Салық келісімі АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Германия, Канада, Италия және ЕО арасында орнатылды. Салық жүйесін біріздендіру туралы келісімге көп жыл талқылаудан кейін қол жеткізілді. Құжат басқа елдер, соның ішінде «Үлкен жиырмалық» (G20) елдеріне қысым жасауға қолданылуы мүмкін. G20 жиыны келесі айда өткізіледі. Көптеген елдерің үкіметі трансұлттық корпорацияларды бұрыннан бері сол елде түскен табысынан салық төлеуге мәжбүрлемек болған. Алайда алпауыт компаниялар филиалын бизнес жүргізген елде емес, салығы аз елдерде тіркеп, тапқан табысының барлығын сол жерде декларациялаған. Бұл – жаңа пайда болған проблема емес, бірақ соңғы онжылдықта Google және Facebook сияқты технологиялық алпауыттар құрылғаннан кейін өзекті бола түсті.

Тегтер: