«G4 City» қаласының аумағында 2050 жылға қарай 2 миллионнан астам адам тұрады – Алматы облысының әкімі
2023 жылдың он айының қорытындысы бойынша Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны жоғары. Бұл туралы өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында хабарлады.
Алматы, NEGE. Оның айтуынша, облыста маятниктік миграция, көлік инфрақұрлымына, әлеуметтік нысандарға салмақтың артуы сынды жүйелі мәселелерді шешуге бағытталған ірі жобалар жүзеге асырылуда. Мысалы, Қонаев және Алматы қалаларының арасындағы «G4City» жобасы қайта қолға алынды. Бұл бағыттағы алғашқы қадам – «G4 City» арнайы экономикалық аймағының құрылуы.
«Мұнда құны 3,7 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту, 3,2 трлн теңге салық түсімдері, сондай-ақ 34 мың жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Бүгінгі күні бұл жобаның Іле, Талғар аудандары мен Қонаев қаласының аумағын қамтуы инвесторларға қолайсыздық туғызуда. Сондықтан Президенттің тапсырмасына орай «G4 City» қаласын жеке әкімшілік бірлік ретінде құру бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді спикер.
Сонымен қатар «G4 City» қаласын жеке әкімшілік бірлік ретінде құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оның аумағы 88 мың гектарды құрайтын 4 аймаққа бөлінеді. 2050 жылға қарай 2 миллионнан астам адам тұрады деп болжануда.