USD
USD
USD

Футзалдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екінші кездесуде жеңілді

Футзалдан Қазақстан жасөспірімдер арасындағы 2022 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында екінші кездесуінде жеңіліп қалды, деп хабарлайды Olympic.kz Қазақстан футбол федерациясынының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Футзалдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы екінші кездесуде жеңілді
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Финляндияның Янаккала қаласында футзалдан жасөспірімдер арасындағы 2022 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі өтіп жатыр.

Семен Палагутин жаттықтыратын Қазақстан жасөпірімдер құрамасы төртінші топтың екінші ойынында Финляндиямен кездесті. Ойынды өте қарқынды бастаған алаң иелері алғашқы таймда алты гол соқты. Үзілістен соң біздің құрамадан Лев Ким көзге түсті. Алайда, ойынның аяқталуына Финляндия құрамасының ойыншысы Ааро Пааппанен кездесуге нүкте қойды - 7:1. 

Екінші ойын қатарынан жеңіліс тапқан 19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне шығу мүмкіндігінен айырылды. 

Қазақстан құрамасы келесі ойынды 18 наурыз күні Босния және Герцеговина құрамасымен өткізеді. 

Футзалдан Еуро-2022 чемпионаты. Іріктеу кезеңі. 4-топ. 

Финляндия U-19 – Қазақстан U-19 – 7:1 (6:0)

Голдар: Кайккола 7, 17,  Бауыржанұлы 9 (автогол), Кайвола 9, Ниемеля 17, Пекки 19, Пааппанен 38 – Ким 29;

Ескерту: Портимо 19, Ниемеля 25, Асумалахти 29, Ахмади 34 – Булдин 20, Сарқыт 26; 

Алаңнан қуылған ойыншы: Булдин 39

Финляндия U-19: Ниеминен, Портимо - Ахмади, Ниемеля, Кайвола, Кайккола, Сеппяля, Кохонен, Пекки, Леснянин, Пааппанен, Асумалахти ;

Қазақстан U-19: Голубничий, Ипмағамбетов - Булдин, Өтегенов, Үргенішбаев, Әуезов, Сарқыт, Кәрменов, Ким, Бауыржанұлы, Бадан, Қазбеков;

Төрешілер: Чупля (Уэльс), Рабренович (Сербия);

 

Қазір оқып жатыр

«Бағаны түсіруге мәжбүр болады»: қазір пәтер алған тиімді ме?

.

БҚО-да оқушы баланы 10 мың вольттық ток соғып, қаза болды

Ток соқты

Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады

мұнай

Qarmet-тің жаңа нысандары нақты келбетке ие бола бастады

Qarmet