USD
USD
USD

Футзалдан ЕЧ: Ресей құрамасы ширек финалға шықты

 Футзалдан 2022 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық сатысында 1/4 финалға жолдама алған екінші құрама белгілі болды. 

Футзалдан ЕЧ: Ресей құрамасы ширек финалға шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мұндай мүмкіндікке Ресей құрамасы қол жеткізді. Алғашқы екі турда ұпай жоғалтпаған ресейлік футзалшылар бүгін Хорватияны 4:0 есебімен сүріндірді. Одан бұрын Словенияны 7:1 есебімен тізе бүктірген еді. Осылайша алты ұпай жинаған ресейлік құрама ширек финалға берілген жолдаманы ертерек қалтаға басты. Аталғна топта бүгін Польша мен Словакия шеберлік байқасады. Үшінші тур 29 қаңтарға белгіленген. Бұл күні Ресей мен Польша, Словакия мен Хорватия ойнайды. Қалған үш құрама аталған топтағы екінші жолдама үшін таласады.

Еске салсақ, В тобында сынға түсетін Қазақстан құрамасы 24 қаңтарда Финляндияны 6:2 есебімен жеңсе, Италия мен Словения 2:2 есебімен тең ойнады. Енді үшінші турда 28 қаңтарда Қазақстан мен Италия кездессе, Финляндия мен Словения алаңға шығады. Айта кетсек, турнир Нидерландының Амстердам және Гронинген қалаларында 19 қаңтар және 6 ақпан күндері өткізіледі.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза