USD
USD
USD

Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Добовецті» 7:0 есебімен жеңді

«Қайрат» футзал командасы бүгін Чемпиондар лигасы элиталық сатысындағы екінші ойынын Словенияның «Добовец» командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Kazіnform.

Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» «Добовецті» 7:0 есебімен жеңді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстандық команда Косовоның Приштина қаласында В тобында сынға түсті. Қарсыластары – «Бенфика» (Португалия), «Добовец» (Словения) мен «Приштина» (Косово).

Бүгінгі кездесуде қазақстандық клуб жинақы ойын көрсетті. Ойынның 3-минутында словениялық қорғаушы өзінің қақпасына гол соғып алды. Одан кейін «Қайрат» сапынан Кайо Руис – 15, Дуглас Жуниор 17-минутта есепті үстемелей түсті.

Екінші кезеңде қазақстандық команда сол басымдықты арттырды. Нәтижесінде Алекс Виана – 22 және 40, Біржан Оразов – 23, Альберт Ақбалықов 28-минутта мергендік танытты.

Осылайша «Қайрат» қарсыласынан 7:0 есебімен басым түсті.

Айта кетсек, қазақстандық ұжым қазірге дейін «Бенфикадан» 2:3 есебімен жеңілсе, «Приштинаны» 11:2 есебімен сүріндірді.

Турнир кестесінде «Бенфика» мен «Қайрат» командаларында алты ұпайдан бар. Өзара кездесуінде жеңіске жеткен португалиялық клуб «Төртеудің финал» сатысына жолдама алды.

Қазақстандық команда Чемпиондар лигасында биыл қаңтар айында 20 мәрте бақ сынады. Бұл Еуропа құрлығындағы командалар арасында абсолютті рекордты тіркеді.

Қазір оқып жатыр

ЭКСЖ: 67 жоба бойынша құрылыс жұмыстары әлі басталмаған

ЭКСЖ Жобалық кеңсесінің отырысы

«Өте жоғары жылдамдықпен жүрген»: Алматыда 54 жастағы электросамокатшы қаза тапты

Элетросамокат

Қазақстанда биыл мұнай экспорты 6,7%-ға төмендеген

Мұнай

Авиаотын бағасын негізсіз көтерген: Тараз әуежайына айыппұл салынды

әуежай