USD
USD
USD

Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан 1/8 финалда Португалиямен кездеседі

Футзалдан әлем чемпионатының үшінші туры мәресіне жетіп, плей-офф сатысына шыққан барлық құрама анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Футзал
Фото: ҚФФ

Алматы, NEGE. Ел құрамасы D тобында Испаниямен 1:1 есебімен тең ойнаса, одан кейін Ливияны 4:1, Жаңа Зеландияны 10:0 есебімен тізе бүктірді. Нәтижесінде өз тобында Испанияны алға жіберіп, екінші орын алды.

Қазақстандық футзалшылар 1/8 финалда 26 қыркүйекте Португалиямен шеберлік байқасады. Екі құрама бұған дейін екі мәрте кездесіп, барлығында португалдықтар жеңіске жетті.

Алдымен 2000 жылы әлем чемпионаты бірінші кезеңінде аталған қарсыласқа 2:6 есебімен есе жіберді. Ал 2021 жылы жартылай финалда ел құрамасы олармен негізгі және қосымша кезеңде 2:2 есебімен тең түсіп, пенальтиден 4:5 есебімен жеңіліп қалған еді.

Сондай-ақ плей-офф сатысында Нидерланд пен Украина, Марокко мен Иран, Бразилия мен Коста-Рика, Испания мен Венесуэла, Парагвай мен Ауғанстан, Таиланд пен Франция, Аргентина мен Хорватия кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.