USD
USD
USD

Футзалдан ӘЧ: Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландияны 10:0 есебімен жеңді

Футзалдан әлем чемпионатының үшінші турында Қазақстан құрамасы Жаңа Зеландиямен кездесті.

Футзал
Фото: kff.kz

 Алматы, NEGE. Алғашқы екі турдың нәтижесі бойынша, D тобында Қазақстан мен Испания құрамалары 4 ұпай жинады.

Қазақстандық футзалшылар алғашқы турда Испаниямен 1:1 есебімен тең ойнаса, одан кейін Ливияны 4:1 есебімен жеңді. Сондықтан екі құрама үшінші турда өз қарсыластарын ірі есеппен жеңуі қажет еді.

Ел құрамасы Жаңа Зеландиямен ойында қарсылас қақпасына гол соқты. Олардың қатарынан Ринат Төреғазин 8, Ақжол Дәрібай 11, Арнольд Кнауб 14, 15, 20, 22, 36, Лео Жарагуа 21, 29-минутта гол соқса, 30-минутта Жаңа Зеландия сапынан Логан Висневски автогол авторы атанды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы қарсыластарынан 10:0 есебімен басым түсіп, өз тобында 2-орын алды. Бірінші орынға бүгін Ливияны 8:0 есебімен жеңген Испания жайғасты.

Енді Қазақстан құрамасының плей-офф сатысындағы қарсыласы Е тобында ертең өтетін Португалия және Марокко кездесуінің жеңімпазы болады.

Қазір оқып жатыр

Қытайлық Temu маркетплейсіне Швейцарияда сатушыларға қысым көрсетті деген айып тағылды

Temu

Елена Рыбакина US Open финалына шықты

Елена Рыбакина

«Оземпик», «Мунджаро»: арықтататын препараттардың пайдасы мен қаупі қандай?

Оземпик

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті

Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесу