USD
USD
USD

Футзал: Қазақстан-Израиль құрамаларының ойыны қашан өтеді?

 Футзалдан Қазақстан құрамасының 2022 жылғы Еуропа чемпионаты топтық іріктеу кезеңіндегі Израильмен болатын екі ойыны да елімізде өткізіледі. 

Футзал: Қазақстан-Израиль құрамаларының ойыны қашан өтеді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  Естеріңізге сала кетелік, қазақстандық футзалшылар бесінші топқа түсті. Қарсыластары Венгрия, Беларусь және Израиль құрамалары.  Қазақстандық құрама бұған дейін екі кездесу өткізуі тиіс болатын. Алғашқы ойында өз алаңында Венгриядан 5:0 есебімен басым түсті. Екінші кездесуді 28 қаңтарда Израильде өткізу жоспарланған. Дегенмен аталған мемлекетте 26-31 қаңтар аралығында коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында халықаралық рейстер жабылды. Сондықтан аталған ойынды кейінге шегеру жөнінде шешім қабылданды.

Қос құрама арасындағы екі кездесу енді 9 және 11 сәуір күндері Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жекпе-Жек» стадионында болады деп күтілуде. Қазір турнир кестесінде Қазақстан, Венгрия және Беларусь құрамаларының қоржынында үш-үш ұпайдан бар. Екі қарсыласынан қазақстандық футзалшылардың бір ойыны кем. Соңғы орындағы Израиль әзірге ұпайға қол жеткізген жоқ. Айта кетейік, 2 наурызда Қазақстан құрамасы өз алаңында Беларусь құрамасын қабылдайды.

Қазір оқып жатыр

​Серікқали Брекешевке жаңа қызмет бұйырды

Серікқали Брекешев

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды

.

Астанада кішкентай баланың туберкулезді қайдан жұқтырғаны анықталып жатыр

Аурухана

КҚК мұнай қабылдауды қайта бастады

КҚК шабуылы