USD
USD
USD

Футболшы Дастан Сәтпаевтың жейдесі Будапештте арнайы көрмеге қойылды

Алматылық «Қайрат» клубы мен футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың жейдесі Венгрия астанасының орталығында өткен көрмеге қойылды. 

Дастан Сәтпаев
Фото: ҚФФ

Астана, NEGE. Көрме Будапештте өтетін футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының финалына орай ұйымдастырылған. Онда еурокубоктарға қатысқан клуб ойыншыларының жейделері қойылған.

Инсталляция қала орталығындағы Батырлар алаңында (Hősök tere) орналасқан.

Бұл жөнінде Қазақстан футбол құрамасы баспасөз қызметінің жетекшісі Әлімжан Асқар мәлімдеді. 

Оның айтуынша, көрмеде Давид Луис, Иван Перишич, Кевин Де Брюйне сынды футбол жұлдыздарының жейделерімен қатар Дастан Сәтпаевтың да қолтаңбасы бар жейдесі тұр.

«Біздің жас талантқа деген осындай құрметті көру – үлкен мақтаныш!» – деп жазады Әлімжан Асқар.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова