USD
USD
USD

 Футболдан UEFA Ұлттар лигасында Бельгия Польшаны ойсырата жеңді

 Футболдан UEFA Ұлттар лигасында екінші туры мәресіне жетті.

 Футболдан UEFA Ұлттар лигасында Бельгия Польшаны ойсырата жеңді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл күнгі негізгі кездесу Бельгия мен Польша құрамалары арасында өтті. Алғашқы турда Нидерланды құрамасына 1:4 есебімен ойсырай жеңілген бельгиялық құрама жанкүйерлер алдында жақсы ойын өрнегін көрсетті. Нәтижесінде қарсыласын 6:1 есебімен сүріндірді. Олардың қатарынан Аксель Витсель (42-минут), Кевин Де Брёйне (59-минут), Леандро Троссард (73, 80, 83-минуттар), Луа Опенда (90-минут) гол соқса, оған польшалық Роберт Леандовски (28-минут) бір голмен жауап қайырды.

Аталған топтағы Нидерланды сырт алаңда Уэльсті 2:1 есебімен жеңіп, екі ойыннан кейін алты ұпаймен көш басында тұр. Бұл күнгі өзге ойын нәтижелері төмендегіше: В лигасы 1 топ Шотландия - Армения 2:0 Ирландия - Украина 0:1 Бүгін, 9 маусымда үшінші тур ойындары басталады. Қазақстан құрамасы ертең, 10 маусымда сырт алаңда Беларусьпен кездеседі. Еске салсақ, бұдан бұрын екі ойында жеңіске жеткен қазақстандық футболшылар өз тобында бірінші орында келеді.

Қазір оқып жатыр

Щучинскіде сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

кісі өлімі

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur