USD
USD
USD

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Словения командасынан жеңілді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Словения командасынан жеңіліп, 2024 жылғы Еуропа чемпионатына шыға алмады.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Словения командасынан жеңілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстан мен Словения "Стожице" стадионында шешуші ойын өткізді.

Екі команда Еуро-2024 чемпионатына қатысу үшін бақ сынады. 

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Н тобындағы басты қарсыласы Словениямен әлемдік доп додасының жолдамасына таласқан болатын. Осылайша Ұлттық құрама Еуро-2024 турниріне жолдама ала алмады.

Алғашқы таймда Словения құрамасы 1 гол соғып есепті ашқан еді.

Қазақстан құрамасы екінші тайм бастала сала гол соғып, есепті теңестірді. Гол авторы – Рамазан Оразов.

86-минутта Словения екінші голын салып, есепте алға шықты. Гол салған – Бенямин Вербич.

Словения құрамасы 2:1 есебімен басым түсіп, Еуропа чемпионатына жолдама алды.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

.