USD
USD
USD

Футболдан Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді

Бүгін, 10 қыркүйекте Қазақстан құрамасы футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде Солтүстік Ирландиямен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболдан Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл ойынла Қазақстан құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетті. 

Бірінші таймда Қазақстан құрамасы бір гол соғып, алға шықты. 27-минутта Абзал Бейсебековтен пас алған Максим Самородов есепті ашты. Екінші таймда қос команда тынбай шабуылдағанымен екінші гол соғылған жоқ. 

Осылайша, Қазақстан құрамасы алты ойыннан кейін 12 ұпай жинап, турнирлік кестеде екінші орынға көтерілді. 

Айта кетерлігі, Қазақстан құрамасы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирінде алғаш рет 10-нан көп ұпай жинап отыр. 12 ұпай біздің құрама үшін рекорд саналады.

Еуро-2024. Іріктеу турнирі. 6-тур. Н тобы

Қазақстан – Солтүстік Ирландия – 1:0 (1:0)

Гол: Самородов 27 (1:0)

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты