USD
USD
USD

Футболдан Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияны ұтты

Белфастта өткен футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу аясындағы кездесуде Қазақстанның құрама командасы Солтүстік Ирландиямен ойнады.

Футболдан Қазақстан құрамасы Солтүстік Ирландияны ұтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Солтүстік Ирландия құрамасымен ойын Қазақстанның жеңісімен аяқталды. 88-минутта матчтағы жалғыз голды қазақстандық футболшы Абат Айымбетов салды.

Кездесу аяқталуға санаулы минуттар қалғанда алаңға шыққан Абат Айымбетов допты қарсыластар алаңында қабылдап, Солтүстік Ирландия құрамасының қорғаушыларын айналып өтіп, гол салды.

Осылайша төрт ойыннан кейін Қазақстанның қоржынында тоғыз ұпай бар. Келесі ойынды Қазақстан құрамасы Финляндиямен, одан кейін екінші ойынды Солтүстік Ирландиямен өткізеді.

Қазір оқып жатыр

«Қазпоштаны» табысқа шығарған Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Әсел Жанасова

Нұрлан Сауранбаев көлік министрі қызметінен босатылды

Нұрлан Сауранбаев

Алматыда автобустар саны азайды: тұрғындар әкімдікке шағымдануда

Қоғамдық көлік

Ақтөбеде Неке сарайында 26 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмды: күдікті ұсталды

Пышақ жарақаты