USD
USD
USD

Футболдан Қазақстан құрамасы Өзбекстаннан ұтылып қалды

Футболдан Қазақстан құрамасы Өзбекстаннан сырт алаңда ұтылды, деп жазады Vesti.kz.

Футболдан Қазақстан құрамасы Өзбекстаннан ұтылып қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ташкент қаласындағы "Пахтакор" стадионында өткен матч 2:0 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталады. Кездесудегі голды 12-минутта Ходжимат Эркинов пен 45-минутта Элдор Шомуродов соқты. 

Осылайша, Қазақстан құрамасы қатарынан екінші кездесуде жеңіліс тапты. Бұған дейін Магомед Адиевтің шәкірттері Ұлттар лигасында Әзірбайжан құрамасынан 0:3 есебімен ұтылған болатын. 

Айта кетейік, бұл кездесу барысында екі жылдық үзілістен кейін Бауыржан Исламхан алаңға шықты. Ол екінші таймда қосылып, капитан болды. Бірақ, гол соғуға көмектесе алмады. 

Еске салайық, Қазақстан құрамасы келесі кездесуін 19 қараша күні өткізеді. Бұл күні Абу-Даби қаласында біздің құрама БАӘ командасына қарсы ойнайды. 

Қазір оқып жатыр

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық

Құрылтайда жаңа депутаттық топ құрылды: оны Дана Медеуова басқарады

Дана Медеуова