USD
USD
USD

Футболдан Қазақстан құрамасы FIFA рейтингісінде 11 cатыға жоғарылады 

Халықаралық футбол федерациялары ассоциациясының (FIFA) жаңартылған рейтингісінде Қазақстан құрамасы 11 cатыға жоғарылады. Оған құраманың UEFA Ұлттар лигасындағы сәтті ойындары оң әсер етті.

Футболдан Қазақстан құрамасы FIFA рейтингісінде 11 cатыға жоғарылады 
Фото: NEGE.kz


Елорда, NEGE. Бүгінгі 23 маусымда халықаралық футбол федерациялары ассоциациясының (FIFA) жаңартылған рейтингісі жарияланды. Онда Қазақстан құрамасы 114 орынға көтерілді. Осылайша құрама бұрынғы орнынан 11 сатыға жоғарылаған.

Еске салсақ, бас бапкер Магомед Адиевтің жетекшілігімен қазақстандық футболшылар UEFA Ұлттар лигасында Әзербайжан (2:0) және екі мәрте Словакияны (1:0, 2:1) тізе бүктірді. Ал Беларусьпен (1:1) тең ойнады. Нәтижесінде ол құраманың FIFA рейгтингісіндегі орнының жоғарылауына оң әсер етті. FIFA рейтингісіндегі 2022 жылдың 23 маусымындағы көрсеткіш төмендегіше: 1. Бразилия - 1838 ұпай
2. Бельгия - 1822

3. Аргентина - 1771

4. Франция - 1765

5. Англия - 1737

6. Испания - 1717

7. Италия -1714

8. Нидерланды -1680

9. Португалия - 1679

10. Дания - 1665

51. Словакия -1440

96. Беларусь - 1227

114. Қазақстан - 1166

128. Әзербайжан - 1127.

Қазақстандық футболшылар енді 22 қыркүйекте Беларусьті қабылдаса, 25 қыркүйекте сырт алаңда Әзербайжанмен шеберлік байқасады.

 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

.

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

.

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес