USD
USD
USD

Футболдан Қазақстан біріншілігі: Бүгін тоғызыншы тур ойындары басталады

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің тоғызыншы туры басталады.

Футболдан Қазақстан біріншілігі: Бүгін тоғызыншы тур ойындары басталады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ойындар 2 және 3 мамыр күндеріне белгіленген. Алғашқы күні үш жұп кездессе, екінші күнінде төрт матч өтеді. Аталған турдың шымылдығы 2 мамырда елорда уақытымен 17.00- де «Ақтөбе» мен «Астана» (Нұр-Сұлтан) командалары кездесуімен ашылады. Одан кейін 18.00-де «Атырау» мен «Каспий» (Ақтау), 19.00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Тараз» ойындарымен жалғасады.

Ал 3 мамырда 16.00 «Қызылжар» (Петропавл) мен «Қайрат» (Алматы) кездессе, 18.00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Тұран» (Түркістан), «Ақжайық» (Орал) пен «Жетісу» (Талдықорған) командалары шеберлік байқасады. Аталған турды 20.00-де «Шахтер» (Қарағанды) мен «Қайсар» (Қызылорда) кездесуі түйіндейді. Естеріңізге сала кетелік, сегіз турдан кейін «Астана» 20 ұпаймен көш бастаса, одан кейінгі орындардағы «Тараздың» 17, «Қайраттың» 15 ұпайы бар..

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

.

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.