USD
USD
USD

Футболдан ЕЧ: Украина ширек финалға шықты

 Футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалына жолдама алған құрамалар толықтай анықталды.

Футболдан ЕЧ: Украина ширек финалға шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дүбірлі доданың 1/8 финалындағы соңғы кездесуде Швеция мен Украина жасыл алаңға шықты. Екі құрама бұған дейін 4 мәрте кездесті. Оның 1-де Швеция басым түсіп, 2-де Украинаның мерейі үстем болды, қалғанында тең нәтиже тіркелді. Екі құрама бүгінгі кездесуге тас-түйін дайындықпен келді. Украина өзінің тарихында тұңғыш рет құрлықтық доданың мұндай сатысында бақ сынап отыр. Сондықтан жанкүйерлерін қуантуға бар күшін салатыны анық еді. Есепті алғаш болып украиналық футболшылар ашты.

Кездесудің 27-минутында Александр Зинченко есеп ашса, оған 43-минутта швециялық Эмиль Форсберг бір голмен жауап қайырып, таразы басын теңестірді. Негізгі кезең 1:1 есебімен тең аяқталып, ойын овертаймға ұласты. Овертаймның соңғы 120-минутында украиналық Артём Довбик жеңіс голын соқты. Осылайша Украина өзінің тарихында алғаш рет құрлықтық доданың ширек финалына шықты. Еске салсақ, енді ширек финалда 2 шілдеде Швейцария мен Испания, Бельгия мен Италия кездессе, 3 шілдеде Чехия мен Дания, Англия мен УКраина шеберлік байқасады.

Қазір оқып жатыр

Ержан Бабақұмаровты өлтірген ер адамға үкім шықты

Ержан Бабақұмаров

Sulpak негізін қалаушының қызы компания үлесіне қатысты даулы мәселе көтерді

сулпак

Еңбек министрлігі: Зейнетақы жинақтары кез келген уақытта алып жұмсайтын депозит емес

Зейнетақы

Нұрай Серікбайдың қазасы: күдікті жігіт ақыл-есі дұрыс деп танылды

Күдікті, Нұрай