USD
USD
USD

Футболдан Чемпиондар лигасында «Барселона» «Интермен» тең түсті

UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің төртінші туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ktk.kz.

Футболдан Чемпиондар лигасында «Барселона» «Интермен» тең түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Футболдан Чемпиондар лигасында «Барселона» «Интермен» тең түсті.

12 қазанда А, В, С, D тобындағы командалар өзара шеберлік байқасты.  Бұл күні Испанияның «Барселона» командасы өз алаңында Италияның «Интерімен» 3:3 есебімен тең түсті.

Испаниялық клуб төрт ойында небәрі төрт ұпайға қол жеткізді. Турнир кестесінде үшінші орында тұр. Олардың жарысты жалғастыруына мүмкіндігі қандай?

Ол алдағы екі турда анықталмақ.  Аталған топтағы тағы бір кездесуде Германияның «Бавариясы» сырт алаңда Чехияның «Виктория Пльзень» клубын 4:2 есебімен тізе бүктірді. Төрт кездесуде ұпай жоғалтпаған олар ширек финалға берілген жолдамаға ертерек ие болды. 

А тобы: «Наполи» (Италия) - «Аякс» (Нидерланды) 4:2, «Глазго Рейнджерс» (Шотландия) - «Ливерпуль» (Англия) 1:7

В тобы: «Атлетико Мадрид» (Испания) - «Брюгг» (Бельгия) 0:0, «Байер» (Германия) - «Порту» (Португалия) 0:3

С тобы: «Барселона» (Испания) - «Интер» (Италия) 3:3, «Виктория Пльзень» (Чехия) - «Бавария» (Германия) 2:4

D тобы: «Тоттенхэм Хотспурс» (Англия) - «Айнтрахт» (Германия) 3:2, «Спортинг Лиссабон» (Португалия) - «Олимпик» (Франция) 0:2

Еске салсақ, бұдан бұрын Чемпиондар лигасында «Реал Мадрид» украиналық клубпен тең түсті. Енді бесінші тур ойындары 25 және 26 қазан күндері өткізіледі.

Қазір оқып жатыр

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер

Түбегейлі өзгеріс емес, нысаналы түзету: Үкіметте неге төрт-ақ министр ауысты?

Үкіметтің жаңа құрамы

Сүлейменов Ұлттық қордан алынатын 5 трлн теңге инфляцияға қалай әсер ететінін айтты

инфляция

Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрілігінің жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді

Ақпарат және мәдениет министрін қабылдады