USD
USD
USD

Футболдан бірінші лигада «Тұран» тоғыз ойын қатарынан жеңіске жетті

Футболдан бірінші лига командалары арасында Қазақстан чемпионатында түркістандық «Тұран» тоғыз ойын қатарынан жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Футболдан бірінші лигада «Тұран» тоғыз ойын қатарынан жеңіске жетті
Фото: NEGE.kz

Астана, NEGE. Түркістандық клуб 15-турда алматылық «Жас Қыранды» 6:1 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша қатарынан тоғызыншы мәрте жеңіске жетті. Нәтижесінде турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. Екінші орындағы семейлік «Елімайдан» бір ойын артық өткізіп, екі ұпайға озып кетті.

Сондай-ақ елордалық «Жеңіс» Шымкенттің «Қыранынан» 3:0 есебімен басым түсті.

13 шілдеде «Түркістан» елордалық «Астана-2» командасын, алматылық «Хан тәңірі» Шымкенттің «Оңтүстік академиясын», Павлодар облысының «Екібастұзы» Түркістан облысының «Арысын» 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Ал Оралдың «Ақжайығы» сырт алаңда «Ақтөбе-2» командасын 1:0 есебімен жеңді.

Енді аталған турда 15 шілдеде семейлік «Елімай» алматылық «Қайрат жастармен» кездеседі.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон

Песков: Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына ресми шақырту алған жоқ

Дмитрий Песков

Ақтауда соқырішекпен түскен баланы дер кезінде қарамады деп айыпталған хирург өз уәжін жеткізді

Қанат Исмаил

Павлодарлық кәсіпкер Икрам Нұрмашовтың қазасы: полиция не дейді?

Икрам Нұрмашов