USD
USD
USD

Футболдан Англия Премьер-лигасы қайта жалғасады

 Футболдан Англия Премьер-лигасы 17 маусымда қайта жалғасады, деп хабарлайды чемпионаттың сайты. Бұл күні 29-турдың кейінге қалдырылған екі ойыны өткізіледі.

Футболдан Англия Премьер-лигасы қайта жалғасады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аталған ойындарда «Манчестер сити» мен «Арсенал», «Астон Вилла» мен «Шеффилд Юнайтед» шеберлік сынасады. Бұдан кейін Премьер-лигадағы барлық команданың еншісіне 29 ойыннан жазылады. Ал 30-тур 19 маусымда басталады. Ойындар коронавирусқа байланысты жанкүйерсіз өтеді. Естеріңізге сала кетелік, ағылшын Премьер-лигасы 9 наурыздан кейін кейінге шегерілді.

Қазір турнир кестесінде көш басында 29 ойыннан кейін 82 ұпаймен «Ливерпуль» командасы келеді. Одан кейінгі орындардағы «Манчестер сити» еншісінде 57 (28 ойыннан кейін), «Лестерде» 53 ұпайдан бар. Ал футболдан Испания чемпионаты 11 маусымда жалғасады. Сондай-ақ, футболдан Германия біріншілігі мамыр айының ортасынан қайта жалғасты. 

Қазір оқып жатыр

«Уақтылы әрі парасатты үндеу»: Украина СІМ басшысы Тоқаевқа алғыс айтты

.

Кремль Тоқаевтың Украинадағы соғысты тоқтата тұру туралы ұсынысына жауап берді

.

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.