USD
USD
USD

Футболдан ӘЧ: Жапония Германия құрамасын ұтты

Футболдан Қатарда өтіп жатқан әлем чемпионаты екінші күн қатарынан өз нәтижесімен спорт сүйер қауымды таң қалдыруда. Төрт дүркін әлем чемпионы болған Германия құрамасы Аргентинаның күйін кешіп, Жапония командасына жол берді.

Футболдан ӘЧ: Жапония Германия құрамасын ұтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бірінші таймда Германия құрамасы бірден шабуылдап, жапондықтардың қақпасы маңында бақ сынады. Бірақ, тек 33-ші минутта және 11 метрлік стандарттық доп тебу кезінде сәттілік туып, олар суырылып алға шықты. "Ман Ситидің" жартылай қорғаушысы Илкай Гүндоған пенальтиді сәтті жүзеге асырды.

Алайда екінші таймда жапондық құраманың ойын өрнегі мүлде өзгеріп шыға келді, кездесудің аяқталуына 15 минут қалғанда қарсыластарын астан-кестен кетті. Алдымен Рицу Доан ұпайды теңестірді, содан кейін Такамуто Асано азиялықтарды алға шығарды. Есеп - 2:1. Осы есеп ойынның соңына дейін еш өзгеріссіз қалды.

Осылайша, екінші күн қатарынан азиялық командалар, атап айтқанда, Сауд Арабиясы мен Жапония аты аңызға айналған Аргентина мен Германия сияқты алыптардың аяқтарын аспаннан келтіріп, тәубелеріне түсірді.

Қазір оқып жатыр

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық

Құрылтайда жаңа депутаттық топ құрылды: оны Дана Медеуова басқарады

Дана Медеуова