USD
USD
USD

Футболдан 2028 жылғы Еуропа чемпионаты қайда өтеді?

Ұлыбритания мен Ирландия футболдан 2028 жылғы Еуропа чемпионатын қабылдайды. Бұл туралы Daily Mail жазды.

Футболдан 2028 жылғы Еуропа чемпионаты қайда өтеді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұған дейін осы екі елдің, яғни Ұлыбритания мен Ирландияның Еуропа біріншілігін бірге қабылдауға өтініш бергені белгілі болған. 

Ал Түркия құрамасы өз кандидатурасынан бас тартады. Себебі бұл ел 2016 және 2024 жылғы Еуропа біріншілігін қабылдауға ұсыныс берген кезде сәтсіздікке ұшыраған. Ресейдің аталған турнирді өткізу мүмкіндігі тым төмен. 

Осылайша, Ұлыбритания мен Ирландия Еуро-2028 турнирін ешқандай бәсекелессіз қабылдауға мүмкіндік алады. Негізі құжат жүзінде турнирді өткізетін ел 2023 жылдың қыркүйегінде анықталады. Бірақ дереккөз мәліметі бойынша, Ұлыбритания мен Ирландия барлық техникалық талаптарға сай болса, ерте хабарлайды. 

Қазір оқып жатыр

«Бағаны түсіруге мәжбүр болады»: қазір пәтер алған тиімді ме?

.

БҚО-да оқушы баланы 10 мың вольттық ток соғып, қаза болды

Ток соқты

Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады

мұнай

Qarmet-тің жаңа нысандары нақты келбетке ие бола бастады

Qarmet