USD
USD
USD

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының ойын кестесі жарияланды

 FIFA футболдан 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатының ойын кестесі жарияланды. Топтық кезеңнің алғашқы ойыны 21 қараша күні Әл-Хор қаласындағы «Әл-Байт» стадионында өткізіледі.

Футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатының ойын кестесі жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Кездесу жарыс қожайыны - Катар және дүбірлі додада А тобында сынға түсетін құрама арасында болады. Бұл арена 60 мыңнан астам жанкүйерге арналған. Онда топтық кезеңдегі және жартылай финалдағы бір ойын болады. Топтық кезеңдегі ойындар 12 күнге созылады. Дүбірлі додаға жолдама алған құрамалар 21 қараша мен 2 шілде аралығында топтық кезеңде сынға түседі. Әр күнде төрт ойыннан өткізіледі.

Ойындар елорда уақытымен 16.00, 19.00, 22.00, 01.00-де болады. Ал үшінші тур мен плей-офф ойындары елорда уақытымен 21.00, 01.00-де өткізіледі. Ал құрамалар 1/8 финалда 3-6, ширек финалда 9-10 желтоқсан күндері өзара кездеседі. Жартылай финал 13 және 14 желтоқсанға жоспарланған. Финал 18 желтоқсанда Лусаил қаласындағы 86 мың адамды қабылдай алатын ұлттық стадионда болады. Бұдан бұрын Чемпиондар лигасы ширек финалының жеребесі тартылды.

Қазір оқып жатыр

Қазақ жазушылары Нобель сыйлығына неге жете алмай жүр?

Қазақстан Жазушылар одағы

Еліміздегі барлық перзентханалар 15 тамызға дейін тексеріледі

Перзентхана

Ауызекі қазақ тілін қай сервис жақсы таниды?

Мемлекеттік тіл

Алматыда футбол алаңына партия туымен жүгіріп шыққан жанкүйер ұсталды

Артспорт