USD
USD
USD

Футболдан Ұлттар лигасы: Бүгін Қазақстан құрамасы алғашқы ойынында Норвегиямен кездеседі

Бүгін, 6 қыркүйекте Қазақстан құрамасы UEFA Ұлттар лигасындағы алғашқы ойынын Норвегияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Футбол, Қазақстан құрамасы
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Ел құрамасы В лигасы үшінші тобында Норвегия, Словения және Австрия құрамаларымен сынға түседі.

Кездесу қазақстандық уақытпен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Аталған ойында Нидерланд елінен келген Аллард Линдхаут бас төреші міндетін атқарады. Оған отандастары Йоост ван Зуйлен мен Рогир Хониг көмекшілік жасайды. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Алекс Бос.

Өз тарихында екі құрама алғаш рет шеберлік байқасады.

Қазақстан құрамасы сапында Максим Самородов, Рамазан Оразов сынды футболшылар жарақатына байланысты бүгінгі ойынға қатыса алмауы мүмкін. Бұл кездесу ресейлік маман Станислав Черчесовтің өз қызметіндегі алғашқы ойыны болмақ.

Ал Норвегия сапында барлық негізгі ойыншылар алдағы кездесуге сақадай сай. Олардың қатарында әлем футболының жарық жұлдыздары Эрлинг Холанд («Манчестер Сити», Англия) пен Мартин Эдегор («Арсенал», Англия) бар.

Айта кетсек, қазақстандық футболшылар Ұлттар лигасында төртінші мәрте бақ сынайды. Қазірге дейін 20 кездесуде 7 мәрте жеңіске жетіп, 5 мәрте тең ойнаса, 8-де қарсыласына есе жіберді.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе