USD
USD
USD

Футболдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Әзербайжаннан жеңілді

Қазақстан 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы жолдастық кездесуде Әзербайжанға есе жіберді, деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясы. 

Ф
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Алматы, NEGE. Қазақстандық футболшылардың Габала қаласында Әзербайжан және Грузия құрамаларымен екі жолдастық матч жоспарланған.

Алғашқы ойында олар Әзербайжанға 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Енді олар 8 маусымда 12:00–де Грузиямен ойнайды.

Еліміздің жасөспірімдер құрамасы 28 мамырдан бастап оқу-жаттығу жиынын бастады. Алғашқы оқу-жаттығу жиынын Талғар қаласында өткізді.

Бұл құрамаға аға жаттықтырушы Бауыржан Сағындық жетекшілік етеді.

Сондай-ақ еліміздің 19 жасқа дейінгі жастар құрамасы 31 мамыр мен 10 маусым аралығында Шымкент қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Жоспарға сәйкес үш жолдастық матч қарастырылған. Алдымен «Оңтүстік Академиясымен» ойнаса, одан кейін бүгін, 7 маусымда «Тұран» футбол клубымен шеберлік байқасады. Ал 10 маусымда «Ордабасы» клубымен кездесу өтеді.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық