USD
USD
USD

Футболдан Қазақстан бірінші лигасында бапкер бас төрешіге су шашып жіберген

Алматылық «Хан-Тәңірі» футбол клубы «Астана М» командасымен кездесу кезіндегі оқиғаға байланысты ішкі қызметтік тексеріс басталғанын хабарлады.

су шашқан
Фото: Видеодан кадр

Астана, NEGE. 26 мамырда «Хан-Тәңірі» мен «Астана М» командалары арасындағы матчта жанжал шыққан.

Ойынның 82-минутында «Астана М» командасының ойыншысы Исмаил Мұртаза мен «Хан-Тәңірі» футболшысы Әбілхайыр Әбдірахманов сары қағаз алды.

Осы жағдайдан кейін төреші шешіміне наразылық білдіріп, сөз таластырғаны үшін Әбілхайыр Әбдірахмановқа қызыл қағаз көрсетілді.

Дау-дамай үстінде «Хан-Тәңірі» қызметкері бас төрешіге қолындағы бөтелкедегі суды шашып жіберген.

Клуб өкілдері қызметкердің бұл әрекеті құпталмайтынын және футбол клубы ұстанатын кәсіби этика қағидатына қайшы келетінін атап өтті.

«Клуб Қазақстан футбол федерациясынан, матчтың төрешілер бригадасынан, жарысқа қатысушылардан, жанкүйерлерден және бүкіл футбол қауымдастығынан орын алған жағдай үшін шын жүректен кешірім сұрайды.

Аталған дерек бойынша клуб ішінде қызметтік тексеру басталды», – деп мәлімдеді клубтың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ «Хан-Тәңірі» өкілдері тексеру қорытындысы бойынша кінәлі тұлғаларға клубтың ішкі ережелеріне сәйкес қатаң шара қолданылатынын атап өтті. Тіпті қызметкерлермен жасасқан келісімшарт бұзылуы мүмкін екені айтылды.

Еске салсақ, таяуда бұрынғы футбол төрешісі Руслан Дүзмамбетов Қазақстанда футбол арбитрлерінің кәсіподағын құруды ұсынған болатын. Ол бүгінде қазақстандық төрешілер өте күрделі жағдайда жұмыс істеп жүргенін мәлімдеді. Айтуынша, арбитрлер үнемі қысымға тап болып, кәсіби тұрғыда қорғалмай отыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан жаһандық тұрақсыздыққа қарамастан инфляцияны төмендету бағытын сақтап отыр

Инфляция

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының төрағасы атанды

Дания Еспаева

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының төрағасы қызметінен кететінін мәлімдеді

Перуашев

Сот «Шымбұлақ» шатқалына көліктің кіруін шектеу Конституцияға қайшы екенін анықтады

Шымбұлақ