USD
USD
USD

Футболдан 1/8 финалына шыққан командалар анықталды

Футболдан Қазақстан кубогының 1/8 финалына қатысатын барлық команда анықталды.

футбол
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бірінші кезеңінен «Оңтүстік академиясы», «Тараз» және SD Family (Астана) командалары жолдама алды.

Қазақстан кубогының 1/8 финалындағы ойындар 13 және 14 сәуір күндері өтеді. Жарыстың аталған сатысында Премьер-лиганың 13 клубымен бірге бірінші кезеңде үздік шыққан үш команда бақ сынайды.

«Оңтүстік академиясы» Петропавлдың «Қызылжар», «Тараз» Шымкенттің «Ордабасы», SD Family «Атырау» командасымен шеберлік байқасады.

Сондай-ақ, жарыстың аталған сатысында «Қайсар» (Қызылорда) мен «Тобыл» (Қостанай), астаналық «Жеңіс» пен «Астана», «Қайрат» (Алматы) мен «Тұран» (Түркістан), «Елімай» (Семей) мен «Шахтер» (Қарағанды), «Ақтөбе» мен «Жетісу» (Талдықорған) клубтары жасыл алаңға шығады.

Айта кетсек, 1/8 финалда әрбір жұптағы жеңімпаз бір ойын арқылы анықталады. Кездесу жеребеде бірінші көрсетілген клубтардың алаңдарында ұйымдастырылады.

Қазір оқып жатыр

Семейде газгольдер жарылып, өрт екі үйге жайылды

.

Студентті екі аяғынан айырған жол апаты: Арыс әкімінің ұлына қатысты іс тоқтатылғаны мәлім болды

Жол апатында аяғынан айырылған студент

Қасым-Жомарт Тоқаев тілді саясиландырмауға шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев, Наталья Бочарова

TikTok-та мысықтың құлағын тістеп, қинаған 43 жастағы ер адам жазаға тартылды

Жануарды қинаған ер адам