USD
USD
USD

Футбол: Ұлттық құраманың бас бапкері ауысты

Футболдан ұлттық құраманың бас бапкерінің міндетін атқарушы болып Андрей Карпович тағайындалды.

Футбол: Ұлттық құраманың бас бапкері ауысты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Андрей Владимирович қазақстандық жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол ұлттық құрамада ең көп матч (55) өткізген ойыншылардың бестігіне кіреді. Бірнеше рет капитан ретінде алаңға шыққан болатын», - делінген ҚР Футбол федерациясының мәліметінде.

Карпович өзінің клубтық мансабында «Елім-ай», «Ертіс», «Қайрат», «Локомотив», «Ордабасы», «Шахтер», «Атырау», «Алтай», сондай-ақ ресейлік «Ростсельмаш» және мәскеулік «Динамо» командаларында ойнады. Карпович бапкерлік мансабын «Қайрат» жүйесінде бастап, одан кейін 2 жыл «Оқжетпесті» жаттықтырды. 2021 жылдың басынан «Қызыл-Жардың» бас бапкері.

Айта кетейік, жаңа бас бапкердің командасы үшін алғашқы сынақ 24 наурызда Молдова құрамасына қарсы болады.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай