USD
USD
USD

Футбол: «Тобыл» өз алаңында «Қайратқа» жол берді

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 8-турында алғашқы екі ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Футбол: «Тобыл» өз алаңында «Қайратқа» жол берді
Фото: NEGE.kz

Қостанай, NEGE. Аталған турдағы негізгі кездесудің бірі Қостанайда «Тобыл» мен алматылық «Қайрат» командалары арасында өтті. Екі команда да турнир кестесінде қатарлас келеді. Биыл жүлделі орындардан үміткер. Сондықтан, екеуі де жеңіске жету жолын іздейтіні анық еді.

Ойынның бірінші кезеңінде «Тобыл» сапынан Жаслан Жұмашев 10-минутта есеп ашты. Оған «Қайрат» сапынан Артур Шушеначев 55, Жоао Паоло 73-минутта екі голмен жауап қайырды. Ойынның 90-минутында қостанайлық клубтан Ислам Чесноков таразы басын теңестірсе, 94-минутта «Қайрат» ойыншысы Дмитрий Сергеев қорытынды есепті белгіледі.

Нәтижесінде «Тобыл» қарсыласына 2:3 есебімен жол берді.

Сондай-ақ, «Ақтөбе» мен «Ақсу» (Павлодар облысы) кездесуі аяқталды. Ойын барысында ақтөбелік клубтан Элдер Сантана 11, Арман Кеңесов 56-минутта мергендік танытса, павлодарлық клубтан Тони Сильва 62-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Осылайша, «Ақтөбе» қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

Дәл қазір «Астана» мен «Мақтарал» (Түркістан облысы) ойыны өтіп жатыр. Әзірге есеп - 0:0.

Ал, 21:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Қайсар» (Қызылорда) шеберлік байқасады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.

Филармонияның экс-басшысы ойыншық тапаншамен ақша айырбастау орнын тонаған

КТК сюжетінен үзінді