USD
USD
USD

Футбол королі Пеле ауыр халде жатыр

82 жастағы Пеленің денсаулығы нашарлады. Қарашаның соңында футбол королі Сан-Паулуда жоспардан тыс ауруханаға жатқызылды. Ол біраз уақыттан бері қатерлі ісікпен күресіп, өткен жылы химиотерапиядан өткен.

Футбол королі Пеле ауыр халде жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол отбасымен, жақындарымен қоштасқан.

Кәсіпкер Фрэнк Халидтің айтуынша, Пеленің жағдайы ауыр.

«Ауруханада жатқан Пеле отбасымен және достарымен қоштасты. Футбол аңызы қатерлі ісікпен күресіп жатыр. Оның отбасы жағдайы нашарлап бара жатқанын айтады», - деп жазды Халид.

Әлеуметтік желіде Пеленің қызы Кели Насименто әкесімен құшақтасып жатқан жазбасын жариялады.

«Біз әлі де осындамыз, күресеміз және сенеміз. Тағы бір түннен өттік», - деп жазды қызы әлеуметтік желіде.

Бұған дейін Пелеге жалпы дене ісінуі диагнозы қойылды, оған жүрек қысылуы мен есінен жаңылысу белгілері қосылған. Сонымен қатар 2021 жылдың қыркүйегінде Пелеге тоқ ішек ісігі диагнозы қойылған.

Пеленің денсаулығының нашарлауы туралы хабардан кейін Бразилия құрамасы голдарын корольге арнады, ал трибунадағы жанкүйерлер оның сауығып кетуін тіледі.

Қазір оқып жатыр

Құрылтайда жаңа депутаттық топ құрылды: оны Дана Медеуова басқарады

Дана Медеуова

Путиннен Қазақстанға әскер кіргізуді сұраған әйелді ҰҚК ұстады

ҰҚК

Тоқаевтың сынынан кейін «Самұрық-Энерго» басшысы қызметінен кетті

Қайрат Мақсұтов

Ерекше балалар үшін ата-аналар амалсыз ауылдан көшеді – Аймағамбетов

Ерекше балаларға арналған орталық