USD
USD
USD

Футбол: Қазақстан жастары Шотландиядан ұтылды

Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы Шотландияға қарсы ойнады.

Футбол: Қазақстан жастары Шотландиядан ұтылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Футболдан 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы 2023 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінде бесінші ойынын Шотландияға қарсы өткізді. 

Аталған кездесу Шотландияның Данди қаласында өткізілді. Есепті 28-минутта алаң иелері қатарынан Льюис Фиорини ашты. Одан кейін 56-минутта Гленн Миддлтон есепті үстемелей түсті.

Оған 71-минутта қазақстандық Максим Самородов бір голмен жауап қайырды.

Еске салсақ, бұдан бұрын қазақстандық жастар өз және сырт алаңда Бельгиядан 1:3, 0:2 есебімен есе жіберді .Сондай-ақ, өз алаңында Дания мен Түркияға 0:1 есебімен есе жіберді.

Енді қазақстандық жастар 2022 жылдың 29 наурызында өз алаңында Шотландиямен қарымта ойын өткізсе, 4, 10 маусым күндері Дания мен Түркиямен жасыл алаңға шығады. Қазақстан жастары I топта сынға түседі. Бас бапкері - қазақстандық маман Қайрат Нұрдәулетов. Доп додасының іріктеу кезеңі 2021 жылдың наурыз айынан 2022 жылдың маусымына дейін өтеді.

Қазір оқып жатыр

Бай азаматтарға салынатын салық: Бектенов бір ай уақыт берді

Олжас Бектенов

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық